Отирик Такпак Казакша

Наурыз туралы өлеңдер топтамасы Қанша ғасыр сән берген даламызға, Өзгеше бір әні едің байтақ елдің. Сәлем, Наурыз! Сен біздің арамызға Алпыс екі жылдан соң қайта келдің. Сен ең көне жырысың санамыздың, Рухи шаттығымсың тасып толған.

Сені тойлап бабасы бабамыздың, Әжемнің әжесіне ғашық болған. Сен бүгін арнасысың дара күйдің, Сан пейілдің төріңнен күлімдейсің. Сен менің ұлы бабам Фарабидің Кешігіп келе жатқан үніндейсің. Басыңды көтер, қане, күн қақтаған, Сен енді басқа айқайға бұрылмайсың. Тымырсық, тылсым жылдар тыңдатпаған Сен бізге Шәкәрімнің жырындайсың. Ғасырды көктеп өтіп сұңқар сезім, Немерем тік көтеріп уақыт туын. Ғашығына арнаған іңкәр сөзін, Өзіңнің тойыңда айтса – бақыттымын.

Көктем келбеті Ызғарлы күн ауысып, Көгінде қарын тауысып. Көктем лебі еселі, Таңғы нұрмен қауышып. Табиғат көркін келтіріп, Жан-жануар серпіліп. Күттірген көктем келдің бе, Жайқалған гүлмен желпініп. Көк майса көктем келбеті, Өзгеріп өңір, жер беті.

Адамзат, бейне көрінер, Кеткендей қыспен бар дерті. Таңғы әуен Тамылжыған таңның әсем әуенін, Сергек сезім, лағыл-ляззат дер едім. Жамыраған ай жүзіктей сәуледен, Шапағаттың шар айнасын көремін. Таң шығынан сілкіндірген гүл-өңір, Дір еткендей сезінемін денем бір. Таңғы әуен – тершілікке құштарлық, Құштарлық боп жамырайды өлең-жыр. Ұлыстың қадам басып ұлы күні, Үйдің де көктей жаздап тұр уығы. Көңіл де наурызбенен шешек атсын, Жүректің сарқылмасын жылылығы.

Аке туралы такпак - Duration. Казакша мультик прикол ломбарджини. Отирик олен жаснар Дильхан Исаев - Әзіл өлең видео. Қазақша Өлеңдер жинағы / Казакша олендер жинагы / Стихи на казахском языке Қазақ өлеңдері.

Сағынармын Өткен күн өтті оралмас, Қыз бейнең қайта жаралмас. Мұң болып қалған жүректі, Енді ешкім ойға салалмас. Жанымда жүріп жоғалған, Жан едің жұмбақ ой қатар. Мүмкіндік беріп сен маған, Өзгеге болдың тым қатал.

Өзге деп қалай өзгертем, Өлшеусіз сезім тым ауыр. Жанымда қалган жалғыз сен, Жүректі қылшы тәп-тауір? Ойлаймын сені қызғанам, Мендегі сезім соншалық. Жүректі қайтем сыздаған? Тіл қатшы озің түсініп.

Жүзіңді көрдім сол кеште, Жаныңа жете алмадым. Өзгерген нәзік бейнеңде, Ұқсата саған алмадым. Біраз ай,талай күн өтер, Тағы іздеп сені шығармын. Өзгемен жүрсең сонда сен, Армандап ғана тынармын. Сени ойлай Уккандай журек ойлана, Озгелер билмес сезимди, Калды гой журек жайлана, Озинди суйдим озинди.

Махаббат жолын билемин, Гашыктар жии журетин. Табалмай сени келемин, Баскамед жолын журетин. Жан един кимге жаралган? Озинди жиi издеймин. Козиннен бир сыр табалган. Умиттен жылу сезбеймин. Жауапсыз сезим болалмас, Жаныма жакын коргеним.

Озиндей ешким жаралмас. Ак гулге сени тен едим. Оспеши бирак жат жолда, Каларсын мулде коринбей. Озгенин туспеш колына, Соларсын маган билинбей. Ойлама озге жакын деп, Жагымсыз ойлар онда коп.

Сезимнин назик коп сырын, Тындашы гулим менин тек. Гашыкпын сенин жанына.

Жайкалып гулдей коринген, Жалгыз боп ушшы тагыда. Калмашы мун боп тилинген. Конилин болса озгеде, Калауым баска менинде. Сыйласып откен кей кундер. Есинде калсын сенинде. Болган ен таза ак парак, Коринип козге жакын тым.

Суретин сызды жат бирак, Ойладын соны калап шын. Ойланып боят абайла, Окинип журме кешигип. Есинде болсын жарайма, Кетпесин бир кун оширип.

Асель Ка.вага арналат Конилин алсиз бейне,ойын жумбак. Жузинде бир сезим бар,мунлы бирак, Ерекше коринеди минезинде, Шашкандай жайдар жылы нурлы шуак. Сол бейнен гашык етти,мени озине, Айналдын унсиз умит, шын сезимге. Уксаган бир сагыныш,бир арманга, Коп сыр бар угалмадым коздеринде. Шашын узын,колан тус емес бурым. Колы жетти сол жаннын менен бурын. Мангилик тандауын сол болмас сира, Кутемин журегиннин шашар нурын.

Сен,жаным суйе берем журекпенен, Кутемин лайык сезим бирак,сенен. Бакытты болуын гой маган бакыт, Шын бакыт омирде шын сую екен. Жаным,сен- омиримнин олшемисин, Жазылган тагдырымнын болшегисин.

Кездестирип биздерди таныстырган, Буйрыгы бул Танирдин сеземисин? Суй жаным омирде тек ойланда коп, Шын сезим бакыт жолы сурауы коп. Сени ойлап соккан жалгыз мунлы журек, Калады манги озин деп ойларга коп.

ТЫНЫС АЛҒЫН ОРДАБАСЫ ТАЗА ТІЛ. Өмір айна, ағып жатқан дария, Жер бетіне оның халқы жария. Газетпенен ой – санаңыз оянса Ақыл берер еліңдегі қария, Тыңдаңыздар жаңалықтың дұрысын, Оқып көріп «Ордабасы тынысын». Оқырманға Қарашадан бет ашып Жалғастырды ақпараттық жұмысын. Әлеуметтік болашаққа тілек қой. Тәрбиеге ізін салған ізет ой. Тілшілері қарапайым халықтан Әңгіменің ең қызығы газет қой.

Туған күнді, құтықтауды жазады, Іздеп жүрген танысыңды табады. Жанашыр боп басыламға сәт тілеп Атқарыңдар көңіл – күйдің тазасы. Келешегі кем соқлайды басқадан, Ақын – жазушы табылады баспадан. Ұлағатты ғалымдарды, ұстазды Ордабасы тынысы бұл жақтаған. Өнердегі өнерпаздың тұсауын, Ауылдағы кәрі – жастың сұрауын. Дер кезінде қабыл алып тоқтатпай Шешіп берер көпшіліктің бар дауын.

Көптен қалмай жазылыңыз бірігіп, Қолдағанда басылымға ілігіп. Жаңа газет Ордабасы тынысын Оқып көрсең, еш қалмассың зерігіп. Ақ батасын оқырманның ала біл, Шындық сөзін бұрмаламай жаза біл. Қолдан – қолға әрбір үйге тарасаң Ордабасы тынысы бал – таза тіл. Құрметпенен құшақ жайған қазағын, Қабыл алып тіршілігін қолдағын. Сәлемімді Ордабасы тынысы Барлық елге ынтымақпен жолдағын. Алға қарай баса берсін қадамың, Әлі талай саған арнау жазамын.

Шарықтай бер, көп газеттен қалыспай Кездестіріп адал ниет адамын. Казагымыз осылай казак болган Суринбестен отип ек азап, тордан. Талай жас кыршынынан киылган, Елимизди куткарам деп мазак болган. Жырлаймын казак тилим казагым деп, Омирди корсем-дагы азабы коп. Шала казак атанса тилди билмей, Казах ушн сол нагыз азап индет. Мухтарша зар илеген арыс барма?

Казагым-ау бойында намыс барма. Баска улттар уйренсе казах тилин, Сенде мундай ерликтен калыс калма. Бул созимди копшилик ойланиндар, Азия барысына айналындар. Урпактарын сыналар шахтуган да, КАЗАХ ДЕГЕН АТАУГА САЙ БОЛЫНДАР.

Ана тілім Ана тілім, Жүрегісің анамның. Жүрек-ана, Мен өзіңнен жаралдым. Сағат сайын саулығыңды тілеймін, Сенсіз мынау керегі не ғаламның! Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем, Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. Ел бетіне қалай түзу қараймын, Ана тілім, Егер сені білмесем. Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам, Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан. Туған анамды ұмытқаным емес пе, Туған тілім, Егер сені ұмытсам.

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім? Сенсің менің қуанышым, шаттығым, Сенсің менің тазалығым, пәктігім. Ана тілім, Алтын ұям, құндағым, Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің жырың, сенің әнің айтарым, Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым! АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ РУХЫНА Қасиет атаулының барлығы да Халықтың кірігеді нарлығына. Өзіңді ұйпаса да өрттей тағдыр, Артыңда тот шалмайтын қалды мұра.

Ана тіл ғылымының Абайысың, Туғандай ұрпақтардың талайы үшін. Сақтаған жүрегінің күмбезінде Туған ел сені өлімге қалай қисын?!

Ғұлама, халық жанды ғазиз бабам! Халқыңнан бір сәтің жоқ ажыраған. Келесің өлмей жасап, шырақшы боп, Ана тілі – асыл жиған қазынаға. Алуан алыс-жақын көршіміз де Сыйлаған, қызыққан да өршіл ізге: Сен – Адам-Академия! Сахарада Тарихтың бұйырғаны еншімізге! Аққудай қайта қондың Ақкөліңе, Қазақтың қайта отырсың қақ төрінде! Бірінші кластықтар жазып жатыр: “Әділдік”, “Ақиқат” деп дәптеріне!

Не деген көркем сенің жүздерің Айдаи сұлу мөлдіреген көздерің Шаштарыңды жұлдыздарға теңеймін Ал сен болсан шуақ шашқан күн бедің Саған ғашық жүрегімде өзімде Сені сүймес жан бармекен өмірде Сенсіз мен көлде жүзген жалғыз аққу Жалғыз аққу жұбынсыз мекендейме Сені сүйем сені сүйем мәңгілік Сен күлесің бір өзімді мәз қылып Бір өзің ғой қүннен шыққан нұр болып Жарқырайсың жүресің бір күлімдеп Сөз аитаиын деп едім мен бір саған Мендей жігіт бұл өмірде біреу қалған Я деп айтсан сөздеріме Аспандағы айды берем саған. Азаттық, Тіл, Дін,Жер, Жетім Азаттық: Аллаға шүкір келдім төріне елдің, Арнаға атақпенен төгілермін. Арқамнан аймалайтын өзгелердің, Алдында асқар таудай көрінермін. Армысың, тұма тілім асқаралы, Сендік дәурен әлі де басталады. Тыныш ғана жатсаңшы тыпыршымай, Тұғыр іздеп шығармай масқараны. Айыпқа бұйрмағың асыл дінім, Өзгені өгейсітпес ғасыр бүгін.

Сабыр жайлы сыр шерткен Исламым, Бұлқынба болса бойда асылдығын. Жер Ана шүкір етіп жата бергің, Төсінен төр алған соң аталы елдің. Өзіңмен өзгелерге атым жетіп, Көзіңнен шыққан кенді сата бердім. Жетімім неге босқа жиренесің, Шетелдің ас-суына үйренесің. Отаным деп танисың ол жақты да, Ер жетіп сол өлкеде үйленесің.

Тіл: Мен жайлы асыра айттың азаттығым, Боданнан да болды ерсі ғажаптығың. Орыс пен ағылшыннан арыла алмай, Өз тілің өгейсітті қазақ бүгін. Шашылды қаражатың босқа көкке, Қарайсың көңіліне досқа, көпке.

Мендік Отан тұрғанда ҚАЗАҚ болып, Рухымды жерлетіп қоспа көпке. Дін: Алла атымен бастайын сөздің басын, Ия, Раббым тамызбағың көздің жасын. Ислам дін болғанмен сабыры тоқ, Айтады ащы болсын сөздің расын.

Имансыздық торлады қоғамыңды, Тіршіллікке беттейді ол да мұңды. Атыс-шабыс, зинамен ішімдігін, Суырып алары анық қолдағыңды. Діни ұйым қаптады діңгегі бос, Олар жайлы сан түрлі үндеді көш.

Аллаға серік қосып жатқаны аздай, Ібіліске ұстады іргені бос. Жер: Ананың да ақ сүті суалады, Ана да қартайғанда қуарады.

Казакша

Анасын азаптаған тірлігінде, Күнәсін қайтіп перзент жуа алады?! Мендағы Ана едім құрсағы алтын. Деуші едім маған көңіл бұрса халқым.

Тәнімді паршалап шетке сатып, Қарадың ал сен болсаң мұнша салқын. Уызым жат жұрттарға таратылды, Төл балама тек қасық жалатылды. Мұнайым мұңды көзбен қарағаны, Аспанға алып ұшып баға тұрды. Қысық көзбен сарттарын қаптап алды, Барлығы да жай-күйін баптап алды. Байлығымды біреулер көз алартып, Арқа қағып ал бірі мақтап алды.

Жетім: Жәудіретіп көзімді шетке бердің, Сезімімді өзіңнен сөккен едің. Бауырымнан тепкен сәби күннен, О, Азаттық мен саған өкпелермін. Әкеммен анам жоғын басынасын, Қулығыңды сұмдық қып асырасың. Көз жасымды күнә етіп күптеп берсем, Жаратқаннан қалайша жасырасың?! Үйренсің деймісің, үйленесің, Шет жерде шат-шадыман күйге енесің. Арнаңа сыймай сөзді сөйлесің ғой, Аллаға тәубе деп бас имегесің.

Автор: Перзентін туған әке бұлдамайды, Жетімді жетілгендер тыңдамайды. Сол шетел ертеңгі таң көз алартса, Өз ұлың - шапса өзіңе бұлда қайғы. Баласы болғаннан соң бөрікті ердің, Өлеңге өздігімше ерік бердім. Туған елім, сен ойлап алаңдаймын, Әйтпесе бірі емеспін көріпкелдің. Айбат Ыдырысов.

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.

Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Отирик емес озекти ортер жайлар коп. Курмелип кана кызыл тил енди сайрар кеп. Адамзат болып жаралганменен баримиз?

Отирик Такпак Казакша

Болинип кеттик кедейлер жане байлар боп. Нәресте сұлу болар анасымен, Сүті ағып еміп жатқан мамасымен.

Жатсынып жаңа жайға үйрене алмай, Шыр-шыр етіп жылаған – іңгәләсімен. Қыздар сұлу өрілген қос бұрымымен, Сылдырлаған бұрымдағы шолпысымен. Қос етекті көйлекті киіп алып, Бұрала басып, назданған болмысымен. Келін сұлу сыбдырсыз жүрісімен, Жасырып жүзін, жымиып күлісімен. Абысын-ажын жиылып шай ішкенде, Шайды баптап кеселерге құйысымен.

Әйел сұлу ақ жаулықты ажарымен, Үй толы бала-шаға, базарымен. Түн ұйқысын төрт бөліп бала емізіп, Бөпешім. Деп, мейірленген назарымен. Ақ шашты аналардың сұлу бәрі, Сұлу етер тарам-тарам әжімдері.

Осындай кейуаналар жүрсе ортада, Тұрмай ма шырайланып үйдің сәні. Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады.

Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “.1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған.

Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстанның С.Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар кітапханасының ұжымы.

Құрастырушыдан Данышпан да, дана да оқып сенен, Атақ-даңқын асырды бар әлемнен. “Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды, Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Мәриям Хакімжанова Мұғалім – жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман. Мұғалім – байырғы мамандықтардың бірі. Қоғамдық тәжірибені жаңа жас ұрпаққа беру және ол ұрпақты өмірге, еңбек етуге даярлау қажеттігі оқу мен тәрбиені өз алдына дербес қоғамдық қызметке айналдырды. Ежелгі Шығыс елдерінде мұғалім негізінен (дін иелері) болатын. Капитализм дәуірінде мектеп ісінің дамуына байланысты мұғалімдік кәсіп кең тарап, түрлі типті училищелер мен мектептерде штатты қызметке айналды.

Осылайша мұғалімдік өз алдына мамандық болып танылды. ХIX ғасырдың 2-жартысында қала мұғалімдері шыға бастады. (орыс-қазақ училищелері, жаңалыққа бет алған жеке дара оқытушылар). Олар орыс халқының ұстаздық тәжірибесіне зор көңіл аударды.

Қазақ жастары түсіп оқитын бірнеше мұғалімдер семинариясы ашылды. Ел ішіндегі мұғалім правосыз және жалақысыз, көбінесе өз белсенділігімен қызмет атқарды. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін халық Мұғалімдері толық правосын алып, өзінің басты мақсатын коммунистік тәрбие мүддесіне бағыттады. Қазақ Мұғалімдері өзінің өсу және толысу жолын мол қамтитын жас ұрпақты тәрбиелеу, мәдени революция міндеттерін өтеу жұмысына белсене кірісті.

Осы биік мақсаттарға сай оның беделі барынша арта түсті. Коммунистік партияның әр кезеңде Мұғалімге деген қамқорлығы, мұғалімнің беделін өсірді, педагогикалық тәжірибесін жетілдірді. Біздің елде арнаулы “Мұғалімдер күні” белгіленген. Мұғалімдер ордендермен, медальдармен марапатталады. Арнайы мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары ұйымдастырылған. Көптеген арнайы газет, журналдар бар.

Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген.

Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.

Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы “Ұстаздық - ұлы құрмет.

Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. “Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арнап, С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы “Мектеп – білім тірегі, Ұстаз - оның жүрегі” атты әдістемелік құралын ұсынады. Бұл құралдың мерекені ұйымдастырушыларға көмегі тиеді деген сенімдеміз. Сәт сапар тілейміз! Інжу-маржан ҰСТАЗ ДЕГЕН.

Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын. Алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ., жұрттың бәріне. Жақсылық пен ізгілік көрсетіп.қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Әл-Фараби Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. Ыбырай Алтынсарин Адамның адамшылдығы. Жақсы ұстаздан болады.

Абай Құнанбаев Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес. Мұхтар Әуезов Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім. Ғабит Мүсірепов Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. Мәлік Ғабдуллин Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады. Жүсіп Баласағұни Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін Серке Қожамқұлов Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс. Спандияр Көбеев Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз. К.Д.Ушинский Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз Ыбырай Жақаев Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз.

Л.Н.Толстой Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Ахмет Байтұрсынов Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

Мағжан Жұмабаев Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. Ж.Ж.Руссо Ұстаз – ұлы есім. М.Әуезов Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. К.Д.Ушинский Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. В.А.Сухомлинский Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс. Ы.Алтынсарин НАҚЫЛ СӨЗДЕР Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

Жақсы мұраптың атынан су ереді, Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді. Ұстазға қарап шәкірт өседі. Қайратсыз ашу – тұл, Тұрлаусыз ғашық – тұл, Шәкіртсіз ғалым – тұл.

Атпаз көрген ат таныр, Ұстаз көрген хат таныр. Ұстаз мәртебесі – ел мерейің Ұстаздан шәкірт озар Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла Ұстазы талантты болса, Шәкірті талапты болады. Ұстаз – ұрпақ мақтанышы. Ұстаз болу – жүректің асылдығы. Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді, Білімді жан тас қамалды күйретеді. Бұйырмас білім тоқымай, Ұстаздық қылма оқымай.

Жарасады сыпайылық балаға, Ұстазыңа одырайып қарама. Шәкірттің жақсы болмағы ұстазынан. ЖҰМБАҚТАР Білімнің дәнін тереді, Балаға тәлім береді. ( Ұстаз) Білімнің - жолбасшысы, Шәкірттің - қолбасшысы.

( Мұғалім) Оқу - білім бағдары, Заманының бағбаны. ( Ұстаз) “БӘРІ КЕРІСІНШЕ” (Төменгі сынып оқушыларына арналған ойын – мереке) Безендірілуі: Түрлі-түсті шарлар, күз мезгіліне арнап салынған суреттер, нақыл сөздер жазылып ілінеді. Ұстаздар күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылады. (Жүргізушілер сахнаға қолдарындағы қоңырауларын кезек-кезек сыңғырлатып жүгіріп кіреді) Жүргізуші 1: Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге еңбекте табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық, бақыт тілейміз! Оқырман 1: Білімнің кілтіндей “Әліппе” ұстатқан, Оқуға іркілмей Тоқуға ұстартқан.

Қамқоры ұл, қыздың – Мұғалім – ол біздің. Оқырман 2: Қиынға төзуге Үйреткен қашанда, Жаманнан безуге, Жақсылық жасауға. Қамқоры ұл, қыздың – Мұғалім – ол біздің. Оқырман 1: Атам да сыйлайтын Атамның тұстасы, Папам да сыйлайтын Ауылдың ұстазы. Қамқоры ұл, қыздың – Мұғалім – ол біздің Мұзафар Әлімбаев Жүргізушілер қоңырауларын тағы бір мезет сыңғырлатады.

Осы бір мезетте оқушылар Ұстаздарды мерекелерімен құттықтауға шығады. (Балалар ұстаздарына гүл шоқтарын сыйлайды). Жүргізуші 1: Біз бүгін аяулы да, ардақты ұстаздарымызды немен қуантсақ екен? Жүргізуші 2: Осы өткізіп жатқан мерекеміз, апайлар мен ағайлардың естерінде қызықты жағымен есте қалу үшін, бәрін керісінше істеуіміз керек. Жүргізуші 1: Қалай керісінше?

Жүргізуші 2: Бүгін біздің ұстаздарымыз бен оқушыларымыз орындарын ауыстырады. Дұрысын айтқанда, ұстаздарымыз уақытша оқушы рөлін атқарады.

Қазір біз оқушыларымызға қызықты ойындар өткізсек. Осы ойында көп сұраққа жауап берген оқушы “Жеңімпаз” атағын жеңіп алады. (Оқырмандарға қарап) Келісесіңдер ме, балалар? Жүргізуші 1: Ал ойын-мерекемізді бастайық! (Осы кезде сахнаға Әліппе жүгіріп кіреді) Әліппе: Сәлеметсіздер ме? Қайырлы күн көпшілік қауым!

Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті Ұстаздар! Бірақ бұл мерекені менсіз өткізіп жатқандарыңыз қалай? (Әліппе томсырайып өкпелеп қалады) Жүргізуші 2: Ой, Әліппежан, сенің келгенің қандай жақсы болды, өкпелеме енді. Сенің келгеніңе біз өте қуаныштымыз!

Жүргізуші 1: Әліппенің құрметтілігі сонша, ол балалардың сауатын ашады. Жәй ғана әріптерді үйретіп қана қоймай, нешетүрлі көңілді де, қызықты ойындармен, жұмбақтармен таныстырады.

Әліппежан, осы мерекеде өзіңнің өнеріңді бір көрсетсең. Бұл ойын-мерекеде мұғалім болуды біз саған жүктедік. Әліппе: Келістім! Онда бірінші ойын - қазақ тілі! Ойынды бастамас бұрын, “Өшіргіш пен қағаздың айтысын оқып берейін. Өшіргіш пен кір қағаз – Өмір бойы дүрдараз.

Қағаз айтты досына: “Қайырымың осы ма? Жатырмын деп тазалап, Ысқылайсың қажалап. Білігі жоқ есерсің, Бүйірімді тесерсің. Түбі осыңнан табасың: Күнде шөгіп барасың.

Өзің–дағы өшерсің, Дүниеден көшерсің”. Сонда өшіргіш сөйлейді, Сөйлегенде бүй дейді: - Бұйырмасын өкінсем: Қағаз кірін кетірсем. “Бір күні жоқ жалыққан Қателерден арылтқан – Өшіргіш!” – деп, айтады ел.

Бағалайды байтақ ел. Жаны туыс, Көркемдік пен тазалық: Кәне дұрыс, Көркем, таза жазалық! Мұзафар Әлімбаев Әліппе: Біріншіден мен оқушыларым әріптерді ұмытқан жоқ па екен соны тексергім келіп тұр. Ол үшін оқушылардың арасынан өзіме көмекке 2-3 баланы сахнаға шақырамын. Бұл балалар кезек-кезек дене мүшелері арқылы әріптердің формасын көрсетеді. Ал сіздер, қадірлі “оқушылар” оларды шешулеріңіз керек. (Бұл жерде әріптердің жеңіл көрсетілетін түрлерін таңдаған дұрыс.

Мысалы: А, Я, Ф, О, М, П, Ж, І, Ө т.б. Қалаулары бойынша. Сонымен қатар, көп ұтыс жинаған оқушыға алдын-ала қызыл картоннан жасалған жұлдызшалар үлестіріледі). Жүргізуші 2: Өте жақсы! Әліппежан, оқырмандарың бірінші тапсырмаңды сәтті орындап шықты. Ынталы да, жақсы оқитын балалар екен.

Жүргізуші 1: Ал мен бұл тапсырмаларды өте оңай деп есептеймін. Сенде бұдан да қиынырақ тапсырмаларың бар ма? Әліппе: Әрине, біздің мұғалімдер оқушылардың жазба жұмыстарынан өте көп қателер тауып, соның салдарынан балалардың бағасы төмендеп жатады. Жіберген 1-2 қатеге бола бағамызды төмендетті, - деп оқушылардың ренжитін кездері де болады. Кейде бір әріптің қатесі сөздің ғана емес, бүкіл сөйлемнің немесе шығарманың да өңін айналдырып, мазмұнын өзгертіп жібереді. Мен сендерге қазір бірнеше шумақ өлең айтып беремін. Бұл шумақтарда жалғыз-ақ әріптің қатесінен мазмұнның қалайша күлкілі болып шығатынын аңғарамыз.

Сендер, балалар, сол шумақтардағы әріп қателерін табуға тырысыңдар. Гүл бөледі даланы, Сыбдыр қақты жылғалар. Биік ұшып барады, Ұзын мойын тырмалар /тырналар Аспаннан көктемде, Нұр төгіп күн тұрды. Алма да, көк тал да, Шақша да құлпырды /Бақша да Саусағына Ауғанбай, Жұқтырып ап күйені. Бетін сипап қалғанда, Түйе болды иегі / Күйе Мін таппайсың көшеден, Тақтайдай-ақ жол қазір. Қолдың үстін көшеде, /Жолдың Тегістеп жүр бульдозер. Мөлдір суда балықтар Жүреді ғой топтанып.

Кеше сонау арықтан, Сүзіп алдық көп халық / балық Біздің саулық семіз-ді, Бірақ туды өгізді / егізді Менің атам үнемі, Жұмыс істеп жүреді. Жер қазуға қолайлы-ақ, Ұзын сапты жүрегі /күрегі Біздің байтақ арқада, Жақсы өседі арба да /арпа Мүбәрак Жаманбалинов Жүргізуші 2: Әліппежан, сенің оқыған өлең шумақтарың өте қызықты екен.

Осыдан кейін оқушылар жазба жұмыстарынан қате жібермеуге тырысатын болар. Жүргізуші 1: Мен де солай ойлаймын. Бірақ оқушыларыңның бет-әлпетіне қарағанда, олар кішкене шаршаған сияқты. Әліппе: Онда мен балалар сендерге ертегі оқып берейін. Білімін жалғастыра алмай қалған аң-құстар, жәндіктер, азын-аулақ сөз білетін ділмар тоты, ғарыштан келген қатал мұғалім және ғажайып мектеп хақындағы ертегі. Ертеде, ерте, ертеде, Шөлейтте, не бір орманда, Бәлки, бір сулы өлкеде Болмаған, әлде болған ба, Шындық па, жалған былық па, Онысын қайдам.аң біткен Оқыпты бірге сыныпта Құстармен, түрлі жәндікпен.

Ит, қасқыр, сиыр, сауысқан, Көбелек, түйе, түлкі де, Көлбақа, балық, тауық та, Жылқы, қой, жылан, кірпі де, Шымшық, құрт, тауық, арыстан, Бозторғай, керік, батбат та Келеді екен алыстан Мектепке жазда – аптапта. Ертемен бұлбұл таң атпай Сайрайды екен есіліп.

Тасбақа болса, сабаққа Жүріпті кілең кешігіп. Кенгуру нанға қалтасын Келеді екен сықап бір. Ал тышқан сызып партасын, Кеміреді екен кітапты.

Түнімен ұшып жапалақ, Сабақта қалғып-мүлгіпті. Мұғалім болса қатал-ақ, Ғарыштан келген бір мықты! Партада бірге отырды Көлбақа мылқау балықпен. Алғашқы әріп оқылды, Ашылды дағы “ӘЛІППЕ” Ғарыштан келген мықты да Қолтаңбасымен әдемі Тақтаға жазып шықты да: -Оқыңдар, мынау – “А”, - деді. Ит болса мұны: “Р”, - деді “У”, - деді қасқыр тұмсығын Көтеріп алып аспанға “Ч”, - деді орман шымшығы, Тұтығып тілі, сасқанда. Кісінеп жылқы: “И”, - деді. Ызыңдап шыбын: “З”, - деді.

Бәрі де әріп “үйреніп”, Жайнады бал-бұл жүздері!.Мұғалім мінген кәріне, Түгендеп шығып сыныпты, Жәндік, аң, құстың бәріне Былай деп мойын бұрыпты: - Оқимыз сөзді таза біз, Сынайын бүгін бар аңды, Жат жазу енді жазамыз, Алыңдар қағаз, қаламды. Мұқият бәрін тыңдаңдар, Оқиын мен бір сөйлемді. Асығыстық та қылмаңдар, - Деп, ұстаз қарап қойды енді. “Орман да, шөл де – біздікі, Қырат та, бел де – біздікі, Өзен де, көл де – біздікі, Тау, құм, су, жер де - біздікі!” Бірыңғай мүше, шылау бар, Құрмалас сөйлем әрі бұл.

Сендерге тиіс ұнауға, Ұнамаса да, бәрібір!.Бір шолып шығып маңайды, “Әліппені” үздік тауысқан Тотыға үнсіз қарайды Сұлу да кербез сауысқан. Үңіліп керік, тышқаннан Көшіріп алды “сөйлемді”. Қалған жоқ аң мен құстардан Момақан ғана қой да енді.

Секеңдеп орман шымшығы, Қарамақ болып тауыққа, Сұқты да тынды тұмсығын Байқамай сия сауытқа. “Бақ-бақ!” –деп жазып жалыққан Көлбақа мылқау көршісі – Көшірмек болды балықтан Бақаның мүлдем ерсі ісі! “Аспанға бәрің бас и!” – деп Жазбақшы еді бозторғай, “До, ре, ми, фа, соль, ля, си” – ден Аспады қайран жез таңдай!”.Мұғалім жүрген жоқ текке, Тексеріп барлық дәптерді, Үш күннен кейін мектепке Өзімен бірге ап келді. Дәптерін түйе толтырып, Жазыпты кілең: “Бө-бө!” – деп Бір сағат бекер желпініп! Отырыпты ғой көбелек! Қызарып батбат намыстан, Сіңген-ді құмға заматта. Тек қана “А” деп арыстан Жазыпты бір бет параққа.

Ит, қасқыр, тышқан, сауысқан, Көлбақа, керік, кекілік, Піл, аю, балық, тауық та – Бәрі де алды “екілік”. Өкінгенмен кеш тіпті, Сиырға тиді оқыра! Мұғалім жалғыз “бестікті” Қойыпты ділмар тотыға. Намысы жеңіп табанда, Жан еді қайсар, елгезек Қайдасың деп түу саванна, Жол тартты керік сол мезет.

Арыстан, бұлбұл, түлкі де, Сауысқан, шымшық, зорман да, Көбелек, қоян, кірпі де Жоғалды сіңіп орманға. Қой, түйе, сиыр, жылқы да Тапты бір айла-амалды – Көнді де АДАМ ырқына, Қораға келіп қамалды. Өзенге қарай бет алды Көлбақа ертіп балықты. Ғарыштан келген қатал да Ғарышқа кетіп қалыпты.

“Сауат ашқан” аз-ақ күн Көрікті тоты бұл күні Күледі екен мазақ қып Сауысқан, бақа, түлкіні. Бар әлі, достар, сол мектеп, Қайсың бар оны көрмеген? Қабырғаларын өрнектеп, Адамдар қайта жөндеген.

Көремін десең, тек тыңда, Келіңдер біздің өлкеге. Кенгуру бүгін жоқ мұнда Қалтасы толған бөлкеге. Жоқ мұнда тоты - мақтаншақ, Тышқан да кітап кемірген. Бәрі де ойда жоқты аңсап, Өтіпті кеше өмірден. Сабақты жылан секілді Қалмайды ешкім есітпей, Аумай-ақ ұлы екінді, Келеді бәрі кешікпей. Алмайды ешкім “екілік” Болмасын титтей шүбәңіз Қоспайын тіпті өтірік, Оқитын онда мына БІЗ!

Байбота Серікбайұлы Қошым – Ноғай (Ескерту: Ертегінің басында курсивпен берілген 2 куплет, ертегінің арасында қайталанып отырады. Ертегінің ұзақ болу себебіне байланысты, қысқартылып тасталды. Бұл куплеттер. орнына қойылуы тиіс еді.).

Жүргізуші: Ертегі тыңдап бір сергіп қалдық қой. Әліппе: Ендеше мерекені жалғастырайық.

Құрметті балалар! Ендігі кезекті қазақтың мақал-мәтеліне берсек.

Ал мынау менің ең сүйікті мақалым: Оқу күрекпен құдық қазғандай / инемен Мен шамасы дұрыс айтпадым-ау деймін. Бүгін әріптер де, сөздер де бытырап, біртүрлі шашырап кетті ме, қалай? Ендеше мен сендерді көмекке шақырайын, менің айтқан мақал-мәтелдерімді түзетуге көмектесіңдер. Қына басқа бітеді / тасқа Білім шашқа бітеді /басқа 2. Біліп тұрсаң да, сұрама / сұрап ал 3. Аз біл, көп сөйле /Көп біл, аз сөйле 4.

Бір елі ауызға Бес елі қақпақ / Екі елі 5. Көрмес – шошқаны да көрмес /түйені 6. Өнер алды – ұзын тіл /қызыл тіл 7. Жығылып жатып, жығылғанға күлме /сүрінгенге Әліппе: Жарайсыңдар балалар!

Мына тапсырма ең соңғы тапсырма. Сендердің міндеттерің “Отан”, “Туған жер” тақырыбына, мейлінше көп мақал-мәтелдерді еске түсіріп айту. (Көп мақал-мәтел айтқан балаларға жұлдызшалар таратылады) Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!

Тапсырмаларды өте жақсы орындап шықтыңдар. Білімге бай екендеріңді байқаттыңдар. (Ойын соңында көп жұлдызшаларға ие болған оқырман “Жеңімпаз” аталып, сыйлықпен марапатталады). Жүргізуші: Міне, осымен біздің ойын-мерекеміз де аяқталып қалды.

Құрметті ұстаздар! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз мәнді, сәнді қуанышқа тола берсін! Келгендеріңізге көп рахмет! (Бәрі бас иеді). Хормен “Ұстазым” әнін орындайды. ҰСТАЗ – АТЫ МӘҢГІЛІК, ЖАДЫМДА ҚАЛАР ЖАҢҒЫРЫП!

(Ойын- байқау) Мерекеге екі топ қатысады. 1 – мұғалімдер, 2 - оқушылар. Әр топ мүшелерінің кішкентай кездеріндегі суреттері, оқу құралдары, “Таза парақ”, “сызғыш”, “өшіргіш” сөздерін жазуға арналған үлкен әріптер, 2 қалам. Зал кітап көрмесімен, гүлдермен безендіріледі.

Мереке сәлемдесумен, құттықтаумен басталады. 1-оқушы: Құрметті ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. /Оқушылар ұстаздарына арнап өлеңдер оқиды, ән шырқайды, гүл сыйлайды/ Қоңырау сөзі: “Күміс көмей, жез таңдай, Үні ашық”, - деп мені Таңдап жаршы қойғандай, Жер жүзінің мектебі Шәкірттерді қарсы алып Сыныптарға ендірем.

Бітсе сабақ жар салып, Бәйек болып мен жүрем. Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып тыңдап, пән атаулыны зер салып оқып, үйреніп жүрміз. Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыздың шегі жоқ.

2-оқушы: Анашымдай сыр шерткен, Ақыл, білім үйреткен. Ана тілін оқимын, Ерекше зор құрметпен. 3-оқушы: Математика сабағын Жақсылап ұғып аламын Сәулесі де сананың, Мәнінен ой табамын. 4-оқушы: Ұлтын сүйген баламын Ұлтым тілі – анамның. Қазақ тілі – ортақ тіл, Тілімнен ой табамын.

5-оқушы: Шыңдап күнде мен енді, Шынықтырам денемді. Сүйемін ән-күй сабағын, Суретті сәндеп саламын. Бәрі/ қосылып/: Білім берген біздерге Рахмет Сіздерге. Көркемсөз оқушы: Қоңырау сөзі Алып менің тілімді, Ата-анаң да тыңдаған. Ұмытпайды үнімді, Мамандар сан мыңдаған. Өзім – кіші, дәу ісім, Мұғалім де сыйлайды.

Сыңғырлаған дауысым, Жалқауларды қинайды. Айтқан әнім бұл менің, Сағынарсың кәрі–жас. Өмір бойы біргемін, Балғын шағың ұмытылмас! Жүргізуші: Ал қазір құрметті ұстаздар, сіздер үшін көңілді үзіліске қоңырау соғылады. Сіздерді көңілді байқауларға шақырамыз. Байқауға 2 топ қатысады. Ал енді әділ қазылар алқасын сайлауымыз керек.

Олар: - ең әділ және қатал оқушы - ең әділ және қатал ата-ана - ең әділ және қатал мұғалім /Әділ қазылар алқасы сайланады/. 1-байқау “Бұл не?” Әр топтан бір адам қатысады. Шарты: Көзі жұмулы қалыпта заттарды қолымен ұстап, атын табу керек. 2-байқау “Тамаша мұғалім” Топ мүшелері бір-бір парақтан алып, “тамаша мұғалімге” тән қасиеттерді жазады. 2 топтың жауабындағы ұқсастықтар бағаланады.

3-байқау “Бұл кім?” Мұғалімдерге оқушылардың кішкентай кездеріндегі суреттері беріледі, ал оқушыларға мұғалімдердің. Дұрыс жауап бағаланады. 4-байқау “Сенесіздер ме?” 2 топқа да бірдей сұрақтар беріледі: 1.

Жапонияда оқушылар тақтаға түрлі-түсті сиямен жазады. /Ия/ 2.Австралияда бір-ақ рет пайдалануға жарайтын тақталар қолданады екен. Автоқалам Ежелгі Египетте пайда болған /Ия/ 4. Шарикті қаламды тек қана әскери ұшқыштар пайдаланған. /Ия/ Жүргізуші: - Тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз.

/ Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу.

Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/ 4.

Теңізде қандай тас болмайды? Ертістің ортасында не бар? Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. /Тұз/ Жүргізуші: Әділқазылар алқасы байқау қорытындысын шығарғанша, енді ұстаздар кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап таңдап алу керек. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе? Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?

Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе? Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба? Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма? Жоқ, ұстаз үшін оқушының бәрі бірдей. Мүмкін, менің көңіл-күйіме қатысты 3. Ойланып көремін.

Ойымда да болған емес. Ешқашан, тапқан екенсіңдер, онда тұрған не бар? Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. /Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/ Көркемсөз оқушы 1: Ғұлама, білгіш ғалымнан Оқушы жас жалыннан, Мархабатты ойшылдан, Мал өсірген қойшыдан, Жазушыдан, ақыннан, Ғарышкерден – Батырдан Көркемсөз оқушы 2: Өнері асқан актерден, Ырыс қазған шахтерден, Мың бұралған бишіден, Ой тербеткен күйшіден, Оқыған жас-кәріден Оқушының бәрінен, Бәрі /қосылып/: Ұстаздарға мың сәлем! “Ұстаз” әні шырқалады.

Сөзін жазған: Сая Итеғұлова Сазын жазған: Есенжол Өтебасов Жүргізуші: Мереке құтты болып, мерейлеріңіз арта берсін, ұлағатты ұстаздар! ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА (Әдеби-сазды кеш) Безендірілуі: Кітапхананың оқу залы. Мұғалімдер күніне арналған “Ұстаздарым, думан болсын әр күнің” атты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Плакатқа жазылып нақыл сөздер, түрлі-түсті шарлармен ілінеді, гүлдермен әсемделінген. Қатысатындар: Жүргізушілер, оқушылар Жүргізуші: Құрметті Ұстаздар!

Сіздерді мұғалімдердің кәсіби мерекесімен құттықтаймыз. “Ұстаз – ұлы тұлға” атты әдеби-сазды кешімізді бастаймыз. Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші!

Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Алғаш “Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады.

Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Бірінші оқушы: Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы ақын Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас Үйретуден балаға, - деп айтуында терең мағына жатыр. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі.

Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?! Екінші оқушы: Айтсаң, жеткіншектердің жүрегіне ізгілік сепкен, тәрбиелеген мұғалімнің еңбегін айт! Шынында, ұлы да ұлағатты еңбек емес пе?!

Үшінші оқушы: Әр жылдың қыркүйек айында ұстаздар өзінің сүйікті шәкірттерімен жүздеседі. Мектептің маңдайшасындағы “Хош келіпсіздер!” деген сөздерден ұстаздардың дарқан жан дүниесі аңғарылады. Қоңырау үні сыңғарлай естіледі.

Кішкентай бүлдіршін күліп қойып, жез қоңырауды соғып тұр. Ол үшін бұл жай ғана қоңырау емес, қол бұлғап, алға қарай шақырған өмір қоңырауы іспетті. Барлығы хормен: Қоңырау үні үзілмесін, ұстаз!

Әуелей берсін, әсем сазды жез! Еңбегің жансын, сүйікті мұғалім! /Осы сөздер айтылып жатқанда қалған оқушылар сахнаға шығып, бастаушылардың артына тұра береді. Хормен “Ұстазым” әні орындалады. Бірінші оқушы: Білімнің кәусар бұлағын Жүресің құйып санама Біз үшін сенсің, мұғалім, Ұстаз да, ғалым, дана да. Екінші оқушы: Қыр-сырын зерттеп заманның, Ұлылығын айтып бабамның Өнеге, өріс беретін Барометрі сенсің адамның. Үшінші оқушы: Сағыныш сазы толқытқан, Арнамақ сөздің мәйегін.

Шәкірттерің оқытқан Келіп тұр жолдап сәлемін! Төртінші оқушы: Өмірдің ұғып тереңін, Өркен жайған қауымым Қабыл ал жүрек сәлемін, Құлақта сенің әр үнің!

(Бір оқушы мұғалімдерге арнап ән орындайды) Бесінші оқушы: Ұстаздардың ұлағатты сөзінен, Өмір бойы таусылмас нәр аламыз. Ұстаздардың мейірімді көзінен, Бізге деген жылылықты табамыз. Алтыншы оқушы: Ұстаздар!

Қандай ғажап халықсыздар! Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар. Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, Күндей боп күлімдеген жарықсыздар. Жетінші оқушы: Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан, Жансыздар әлдилеген шуақты арман. Жатталсын есімдерің жан жүректе, Адамның аяулы әні сияқталған. Сегізінші оқушы: Жүрегіміз түкпірінен ән қылып, Шырқай оған айттық біздер тілекті.

Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік, Тербетеді сезім менен жүректі. Авторы мангыстаулык Фархат Мусаев Ой омир ай?! Кери кеттингой дерт еттингой жанымдай Казагымды кайда акетип барасын? ДАЛАМА СЫР (Іштей қайшылық туғызатындарға ыза) Жайсаң далам! Жайсаң далам, Сені жырлап өтуден тайсалмағам. Қолына қалам алып құлшынады, Қайсар балаң! Қияметке жетердей мұң-тағаты, Қуат берер шуақпен күн қанаты.

Сені жырлайм ақынша. Келді енді, Ұлыңның өңделетін сын-сағаты.

Құдіреті асқардан елге бір-ау, Түсе қалса тебендей теңге қырау. Келеңсізді тәубеге таяндырар, Шындық дейтін тисе егер өңге тұмау, Көкейімді толтырар бар ма рұқсат? Жырланбаған бойыңда жырды көрем, Жалғаннан жылтырайды кейбір өлең. Оған себеп жазды жыр ақынсымақ, Қарымтаға мағына ендірмеген. Қанжардан қынжылатын көкірегі, Мұңға айналған мейірі бетіндегі. Жанды көрем ызалы. Бұл дегенім — Бөлтіріктің бөрі боп жетілгені.

Жаманды жаман дедік. Ызаланды, Бағындырды сайтан боп жүз балаңды. Дос болып сын-айыбын жүзге тартса, Қас болып намыстанды, қызбаланды. Қатесі түзелудің орынына, Көкейінде «қас алар» із қаланды. Жылытады біреулер қойнауыңды, Ал біреулер қалайды мұз ғаламды. Осындай қайшылықтар туып жатыр, Кең Далам!

Кешірегөр қыз-балаңды. Жар салып айналасын жиып дүркін, Жақсылықты ортаға түйіп бір күн. Тойлап едік мерейін Базарымның, Иманның ажарына ұйып құлқым. Енді оны елейтін бар ма адам?! Ей, Далам ұрпағыңа кейіп сілкін.

Баурайыңда қараусыз қалып кетті, Бейіт шіркін. Қайшылықтан арылып жүрсін елім, Арылмаса арланып түршігемін. Иманын қойдық жиып. Кейбір пендең, Мағынасын ұқпайды бір сүренің. Ел болып далам саған сырымды айтам, Айтшы сен талабыма ерсі ме едің?! Ұғынамын халіңді. Өзің болып, Күрсінемін.

Үніңді ұғам кезетін жайлауыңда, Мөлдіреп жыр айтады сай да, құм да. Мен сенен жаратылдым. Сырым шертем, Бір күн дабыл табармын қойнауыңда. ӨКІНІШ ПЕН САҒЫНЫШЫМ АРАЛАС. Солай, өмірім сынақ бәрі, Сыңғырлайды күлкісі құлақтағы. Сүйеді деп үміт еттім, Сүйтсем қалқам мойынын бұрмапты әлі.

Жанарым жас құшағын паналай ма, Оны ұғып жететін сана қайда?! Өзін назға салуы ұнай ма екен, Әлде мені «сүйдің» деп қаралай ма. Тұрар солай бұл өмір сұрақтардан, Тұлпардай боп көрінген құлатты арман.

Қуануды аңсаған ет жүрегім, Сәл қуанбай тұрып-ақ жылап қалған. Қайтейін сағынудан өзек талса, Елең етем сен жайлы дерек болса.

Дидарыңды бір көрсет сағынышым, Жанымды ал орнына керек болса. Есім барда етекті саралайын, Басып қалып жүрмесін қара уайым. Тыныш қоям қаласаң, Жақтырмасаң, Көрген жерде бұрылып-ақ қарамайын. Бақытты бол айтатын бар кеңесім, Қайтейін тағдыр тәлкек тар келгенсің.

Қайсы бірін қарсы алып төтеп берем, Алланың сағат сайын әр күресін?! Күтіп жүрмін арманды күнді әлі, «Ей, ақымақ!» десеңші тым құмарлы. Мен сүйемін, ал сен жоқ. Ойлап көрсем, Шынында ақымақпын. Тағдыр ма сені маған жолықтырған?

Арман ба арнасына толып тұрған? Бақыт па бір сені сығалаған? Жүрек пе жүрегіңе қонып тұрған?

Ешкімде де кінә жоқ нақ тіпті бұл, Қадірсіздеу қылдым-ау жақұтты тұл. Алланың бұл да берген мол сынағы, Бақытты бол, Періштем, Бақытты бол. Сен жыладың, жігітім, Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын, Қайтпады деп, Жұртқа еткен жақсылығың. Сен жыладың, Бір қатты соққы алдым деп, Бақытсыз болып қалдым деп. Жә, жә, жарар, Өткен күн оралар ма, Қарау керек, бауырым, саған алға, Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?

Көтер қане басыңды, қалай бұның?! Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?! Көтер қане басыңды! Күніңді босқа өткізіп пе едің?

Тағдыр неге сыр айтты сары-ау, Өмірдің барлық сәтсіздіктерін Бақытсыздық - деп кім айтты саған?! Кім айтты саған?!

Тұлпарды сүрінбейді деп, Асауды мінілмейді деп, Ақ көйлек кірлемейді деп, Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп. Кім айтты саған?! Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп, Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп, Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп. Қиналып бекер алаңдадың-ау, Ойыңды шығар өріске! Өзің-ақ айтшы, ғаламда мынау, Жеңудің бәрі жеңіс пе? Жігітке арман жеткізіп пе еді, Өз сорын өзі жеңбесе. Өмірдің барлық сәтсіздіктері Бақытсыздық емес, ендеше.

Сағыныш Әнің келіп құлағыма, Талып барып, өшкендей. Жүр ме екенмін, сені анашым, Бар болсаң да ескермей. Ылғи менің сен түсімде Елес болып енесің. Жетектеп ап мені қырға, Гүл, бәйшешек тересің. Ұсынысың кейде гүлді, Беріп тұрып, бермейсің, Шақырмай-ақ мені қырға, Өзің неге келмейсің? Әнің сонда құлағыма, Талып барып жетеді. Қуннышым жүрек жарды, Құмға айналып кетеді.

Ыстық еді-ау алақаның, Майда лебің, демің де. Сағынғдым ғой сені, анашым, Босап кетті-ау көңілде. Қайран менің асыл анам, Дем берушім, қуатым.

Ыстық жаспен жиі еске алып, Көңіл кірін жуамын. Ана тілі Ана тілі ана сүті аяаулы тіл, Ана сүті бәрінен ардақты біл.

Ұлт намысын тіл қадірін білмегенді, Бойында ұжданы жоқ арсыз ден біл. Бал тамар асыл сөзге шәлдейсіңбе Мурасына бұл қазақьың сенбейсіңбе Қазактың шүлдірлеген сақау тілін Жас өскін укол салып емдейсіңбе Ойланыңдар азамат ойланыңдар Түсінерсің сөзімнің толғағы бар Ана тілдің қадірін түсінбесең Айтыңдаршы ағайын кім болдыңдар!

Отирик Олен Казакша Текст

Ана тілің дана тіл біл азамат Жұқтырмайық тілімізге жаман ат Ана тіл ата салтын сақтап қалу Арлы урпақ өзімізге аманат!!! Көкшетаулық ақын Төлеген Қажыбаевтың өлеңі. ҚАСҚЫР НЕМЕСЕ ҚАЙСАРЛЫҚ ЖЫРЫ Қасқырмын! Өздерің айтқан айғақтап, Албастыдай басқырмын.

Қолға түссем аямай, Басындың да басқа ұрдың. Оған да қанбай айызың, Тұмсығымды тасқа ұрдың.

Ажалға қарсы атылған Араны апан арланмын. Тас қапсам да тайынбас, Тағы мінез тарланмын. Жер түбінде жатсам да Жемтігімінді алғанмын. Маған бұйым болмаған, Қиындығы жалғанның. Көк шуланды бөріңмін, Қырқысудан қаймықпас. Қызыл қан боп төгілдім. Іресең де іркілмей, Қабырғамнан сөгілдім.

Сонда сезген боларсың, Тектілігін төзімнің. Қырық күн жортып көк мұзда, Ілкіде ғана көз ілдім. Кезімнен сонау бөлтірік Алдымнан қашқан андыздап, Ақбөкен-тірлік жөңкіліп. Жалыныш үнім шықпаған Жатсаңдар да өлтіріп.

Өзімнен ғана табылар, Өзгеде жоқ өр қылық. Маған бөгет болмаған, Алай да дүлей бораның. Азығымды суырдым, Төбесін ойып қораның. Пана еткен кезім көп, Жалғыз-ақ түбін қоғаның. Жемтік іздеп көп жорттым, Жапанның шимай торабын. Өліммен ойнап күн сайын, Көтердім өмір обалын. Қараны шалып қиырдан, Қия бір соғып ас етер, Жемтігім жолда бұйырған.

Отирик Олен Такпак Казакша

Ұяласымды ұлыттың, Тірсектерінен қиылған. Қорқаулы қылық – қалауым, Онымнан сәрі тиылман. Дей алмаймын ей пенде, Құдай берген құтыңмын.

Жұмырыма жұқ болмай, Жемтігім болып жұтылдың. Өзіңменен шайқаста, Ұтылдым, талай тұтылдым. Қулығың құрық бойламас Сенен де талай құтылдым. Қандауыз қақпан қойсын ба, Терімді талай сыпырдың. Қасқыр ғып тәңір жаратты, Жазмыштын озмыш болмаған.

Кездерің қанша, айта алман, Басқа теуіп қорлаған. Апанның аузын қандатып, Бөлтірік кезден сорлағам. Тажалың ба едім, ей пенде, Ажалым болдың торлаған. Қазар болсаң терең қаз, Омақа асар ор маған. Шамырқанып шарт сынар, Қияға баспас қадам бар. Шамдандырсаң шайнасып, Шалдықпай жортар шамам бар. Пендеңді де көп көрдім, Бұғынып басын амалдар.

Қулығын баққан ғамалдың, Аяқтан шалды-ау жамандар. Қаймықпас қайсар қылықты Қасқырдан үйрен, адамдар.

Төлеген Қажыбаев. ҮЙРЕН АНА ТІЛІҢДІ Алла бізге көрсін деді көз берді Көзімізбен көріп жүрміз көп жерді Алла бізге сөйлесін деп тіл берді Қадір тұтып жүрміз бе біз тілдерді Орыс тілін мақтан еттік мақтадық Орысша сөйлеп әдебиетін жаттадық Қазақ тілін өгейсітіп өзіміз 'Шала қазақ' деген 'ұлы' атта алдық Қадір тұтпай туған ана тіліңді Қайдан ғана болар едің білімді Оян ұрпақ сен қазақтың баласы Ең бірінші үйрен ана тіліңді Халықтың мәңгі ғұмыры оның ана тілінде Көп ұлттардың тілі еркін тұрғой сөздің төрінде Үйренбесік қазақ тілін қорлап жүрсек өзіміз Тіл қорғаны ата бабам қалай жатар гөрінде. Саналысы қазағымның қайдасыңдар? Саналысы қазағымның қайдасың?

Ойламаған қара бастың пайдасын Қайда қазақ арыстандай ақырған? Бір ту асты бірлігіне шақырған. Бір кездері асқар едің, шың едің, Неткен шүйде, бұл күндері майдасың. Қайда кетті жалын жүрек ағалар? Асыл үнің осындайда сайрасын.

Қайда біздің асыл мұра, даналық? Асырды ма орыс бізден айласын? Осы сәтте «ау қазағым» ойлансаң, Ұят жанды, қызыл бетті қайрансың. Қыламыз деп ұлт жастарын саналы, Суытып-ап ана тілдің алауын.

Әлсіз жанған қазақ тілдің сәулесін, Одан әрі құр сөндіріп барады. Өз тілінде сөйлеп жатпай бұл қазақ, Басқа тілден не абырой табады? Нендей күйде болады екен, белгісіз, Сөніп қалса асыл тілдің алауы.

Абай сынды асыл мұра қалдырған Қара сөзден кім ғибрат алады? Ойлан қазақ, жұдырық боп жұмылғың Тек сол кезде желбірейді жалауың. Бірлік болса, ынтымағы жарасса, Алда болмас біз алмайтын қамалың. Еркін жүріп Сарыарқаның төсінде, Сонда ғана есіп соғыр самалың. «Қазақ» дейтін бұл әлемде жалғызсың, Рухың биік, болсын күшті талабың! Ана тілдің арызы Нарық деп саудаға бас салып кеттің, Заманның көшіне еріп лағып кеттің.

Арыңды айыр тілдер арбап алып, Ана тілің, мына мен қалып кеттім. Қалып кеттім қара байыр тірлігінде, Абылайдың алты ауыз бірлігінде Қалып кеттім Төле,Әйтеке,Қазыбектің Үш жүзге айтқан үш ауыз билігінде. Қалып кеттім Зере әже ырымында Қыз Жібектің жыр болған бұрымында Сүінбайды сүйсінтіп сайрап қалдым Жамбылымның жүз жылдық ғұмырында Аттан салған Алаштың ұраны едім Сәкен Мағжан Ілияс Тұрар едім Даланды шексіз шырқап жырлап кеткен Ақан Әсет Біржанның бір әні едім Ана тіл – сізге Алланың қатқан үні Ойланшы қазақ осы айтқанымды Тілінді тірек тұтшы туған елім Таниын десең көкте Хақ Тәңірді. АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ РУХЫНА Қасиет атаулының барлығы да Халықтың кірігеді нарлығына. Өзіңді ұйпаса да өрттей тағдыр, Артыңда тот шалмайтын қалды мұра. Ана тіл ғылымының Абайысың, Туғандай ұрпақтардың талайы үшін. Сақтаған жүрегінің күмбезінде Туған ел сені өлімге қалай қисын?!

Отирик Олен Казакша

Ғұлама, халық жанды ғазиз бабам! Халқыңнан бір сәтің жоқ ажыраған. Келесің өлмей жасап, шырақшы боп, Ана тілі – асыл жиған қазынаға. Алуан алыс-жақын көршіміз де Сыйлаған, қызыққан да өршіл ізге: Сен – Адам-Академия! Сахарада Тарихтың бұйырғаны еншімізге! Аққудай қайта қондың Ақкөліңе, Қазақтың қайта отырсың қақ төрінде!

Бірінші кластықтар жазып жатыр: “Әділдік”, “Ақиқат” деп дәптеріне! М.Әлімбаев АНА ТІЛІМ, КҮМБІРЛЕ САРАЙЫМДА! Тілін білген Абылай, Абайым да, Құдырет берген ана тіл талай ұлға. Қасиетті сол тілдің арқасында Ерікті ел боп алысқа қарайын да. Ана тілім, күмбірле сарайымда!

Тағдырым, даралама тілден мені, Тіл – елмен қауыштырар іргемдегі. Тіл – елмен табыстырар алыстағы, Аспандатар жердегі жүрген мені. Тілмен өрлер мерейім өрлесе де, Тілсіз бақытын басынан ел кешер ме? Тілер едім таусылса ақтық демім, Жерлеңдер деп тілменен жерлесең де. Ерекше бір сән беріп көшке бүгін, Келе жатыр жаңғырып өшкен үнім.

Ана тілім рухымды көтереді, Самал тербеп тұрғандай текше гүлін. Өмір кешіп басынан ала құйын, Жат жерінде күңіренткен дара күйін; Атамекен, Аңсаған Ана тілін, Арманда өткен Мысырда Фарабиім!

Көме түсіп көкірекке кекті мұңын, Жетпіс жылды өңгеріп өтті күнім. Ана тілмен жазған ғой Мұса Жалил Түн – түрмеде отырып отты жырын. Ана тілсіз тарих та жасалмайды, Ана тілсіз іс өрге баса алмайды. Желмаяның үстінде желіп жүріп, Күңіренбеген тектен –тек Асан Қайғы Тілін білген Абылай, Абайым да, Құдірет берген Ана тіл талай ұлға. Қасиетті тілімнің арқасында Ерікті ел боп алысқа қарайын да.

Ана тілім, күмбірле сарайымда!. Бәлкім, дарыр жаныңа сенің де өнер, Сонда ғана бір жүгім жеңілденер. Қара бұлттар айығып аспанымнан, Күңгірт тартқан жан дүнием көңілденер. Ана тілмен сомдалар тыныстағы үн, Ана тілді мен дәйім пір ұстадым. Ана тілдің жолында ұғын, балам, Садақа ғой Даңқ пен күміс тағың!